12 мамыр 2022 11:56

Шымкентте тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: elements.envato.com Иллюстрация: elements.envato.com

Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды otyrar.kz. 


Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды otyrar.kz. 

Күдікті ұзақ уақыт бойы жасырына алмай, бір күннен кейін қалада ұсталған. Ол аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілінген, енді түзеу мекемесінен қашып кетті деген айып тағылды.

"12 мамырда жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қашып кеткен ер адамды Қылмыстық атқару жүйесі департаменті және облыстық ІІД жедел уәкілдері ұстады", - деді Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері.

Бұл дерек бойынша Шымкент қалалық полиция басқармасы соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Еске салайық, аса ірі көлемде ұрлық жасады деп айып тағылған күдікті Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кеткен болатын. Деректі қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Дерек бойынша Шымкент қаласының Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабы "Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу" бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес тергеу және басқа да мәлімет жария етілмейді", - деді Шымкент қалалық ҚАЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети