24 тамыз 2016 09:35

Шымкентте төрт адамды қағып кеткен жүргізушіге республикалық деңгейде іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Motor.kz © Motor.kz

Шымкентте төрт адамды қағып кеткен жүргізушіге республикалық деңгейде іздеу жарияланды, - деп хабарлайды TVK


Шымкентте төрт адамды қағып кеткен жүргізушіге республикалық деңгейде іздеу жарияланды, - деп хабарлайды TVK

Бүгінде әл-Фараби аудандық соты оны қамауға алу туралы қаулы шығарып қойған. Ішкі істер департаменті кінәлі азамат жайында өзге де деректі анықтауға кіріскен. Қайғылы оқиғадан бері 10 күн өткен, алайда күдікті әлі қашып жүр. Қазіргі уақытта оны анықтап, ұстау үшін барлық қажетті шара жүргізіліп жатыр екен. Телеарнаның мәліметінше, BMW жүргізушісі шетелдік оқу орындарының бірінің студенті, алайда бұл мәліметті Департамент өкілдері растамай отыр. 

"Қазіргі уақытта оның студент екені туралы мәліметті растайтын құжат жоқ, ал өзі тіркелген Facebook желісінде Араб Әмірліктерінде студент екендігі көрсетілген. Бірақ әзірше тергеудің мұндай мәліметті растайтын құжаты жоқ", - деп мәлімдеді ОҚО ІІД анықтау басқармасының жетекшісі Сапарбек Майлыбаев.

ІІД өкілдері BMW көлігінде тағы үш жолаушының болғанын айтып отыр, олар да оқиға орнынан кетіп қалған, полицейлер олардан куәгер ретінде жауап алып жатыр. "Барлық жолаушы жүргізушімен бірге алкоголь ішкенін мойындап отыр", - деді Майлыбаев. Полицейлер жолаушылардың оқиға орнынан кетіп қалғандығы үшін қылмыстық жауапқа тартылмайтынын айтып отыр, себебі бұл жол апаты аса ауыр қылмыс санатына жатады. 

Еске салайық, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 13 тамызда таңғы уақытта Шымкенттегі Қонаев даңғылында болған. BMW спорткары асқан жылдамдықпен жол жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан жұмысшыларды қағып кеткен. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетіп, әлі табылмады. Жол апатының салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылған.


Күдікті - 20 жастағы Исмаил Сүлеймен. © otyrar.kz


Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынған сурет

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети