03 қазан 2019 15:57

Шымкенттегі "Қазпошта" бөлімшесіне шабуыл жасалды

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Шымкентте "Қазпошта" бөлімшесіне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Otyrar.kz тілшісі. 


Шымкентте "Қазпошта" бөлімшесіне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Otyrar.kz тілшісі. 

Оқиға бүгін шамамен күндізгі 15:00-де 6-аурухана маңында болған. 

Қарақшы жалғыз болмаған. Бірнеше қаруланған шабуылдаушы болған. Бұл "Қазпошта" бөлімі Шымкенттің тыныш аудандарында орналасқан. 

Қазіргі уақытта зейнеткерлер зейнетақы алатын уақыт болғандықтан қарақшылар шабуыл жасаған болуы мүмкіндеген болжам бар. 

Белгілі болғандай қарақшылар шабуыл жасағаннан 10 минуттан кейін екі қарақшы ұсталған. Шабуылдаушыларды 820 патрульдік экипаж қызметкерлері құрықтаған. Әзірше "Қазпошта" бөлімінен нақты қанша қаражат жымқырылғаны және бөлім қызметкерлері қандай жарақат алғаны белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети