06 маусым 2020 14:54

СҚО-да ірі темекі партиясын заңсыз кіргізбек болғандар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында ірі темекі партиясын заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Солтүстік Қазақстан облысында ірі темекі партиясын заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2020 жылғы 5 маусымда Қазақстан шекарашылары Солтүстік Қазақстан облысы "Жаңа жол" автомобиль пунктінде Қазақстанға темекінің ірі партиясын (15 000 пачка) кіргізуді болдырмады.

Ұйымдастырушылар темекіні заңсыз кіргізу үшін "СDEK" почталық компаниясы жүгінің астына жасырған", - делінген хабарламада.

Темекіге құжаттар мен акциз маркалары болмаған.

"Ұсталған темекі партиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды. Осы өткізу пунктінде акциз маркалары жоқ темекіні өткізуге оқталғандардың бірнеше мәрте жолы кесілгенін атап өту керек", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі өкілі. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.02   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети