16 қыркүйек 2021 09:13

СҚО-да шенеуніктер өзіне 60 миллион теңге сыйақы жазып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлихан Сариев © Әлихан Сариев

СҚО-дағы Қызылжар ауданы әкімдігінің он қызметкері 60 миллион теңгеден аса соманы сыйақы ретінде алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


СҚО-дағы Қызылжар ауданы әкімдігінің он қызметкері 60 миллион теңгеден аса соманы сыйақы ретінде алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Тексеру комиссиясы өкілдеріне сенсек, мемқызметшілер жергілікті бюджетті өз бетінше үлестіріп алып, аудан аппаратын қамтуға бөлінетін қаражатты ұлғайтып алған. Оның нәтижесінде қызметкерлердің еңбегін жылдық қаржыландыру үш есе жоғары болып шыққан.

"Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлеріне 60,6 миллион теңге сомасында негізсіз сыйақы төленгені анықталды. Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ретінде бюджет өтінімдерін қарау кезінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі олардың ҚР бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі мәніне тиісті деңгейде жұмыс жүргізбеген, сондай-ақ бөлімнің өзінің қосымша қажеттілігі бойынша шығыстардың анықтығы мен негізділігі сарапталмаған", - деді СҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Талғат Кенжебаев.

Экономика және қаржы бөліміне бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жолданды. Бөлім басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке процессуалдық шешім қабылдау үшін тапсырылды.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Денсаулық сақтау министрлігінің вакциналау жөніндегі жұмысын сынға алып, шенеуніктер өздеріне "өз сәтсіздіктері үшін" 15 миллион теңге көлемінде сыйақы жазып алып жатыр деп мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети