Сот Ілияс Кардың 14,3 миллион теңге тұратын мүлкіне тыйым салды

19 Ақпан, 15:36
0
Сот Ілияс Кардың 14,3 миллион теңге тұратын мүлкіне тыйым салды - © Фотоколлаж Tengrinews.kz
© Фотоколлаж Tengrinews.kz

Алмалы аудандық соты жантүршігерлік жол апатына кінәлі деп айыпталған Ілияс Кардың мүлкіне тыйым салды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішісі.

Сот ісін қарау барысында, Елгезековадан 14 300 000 теңге моралдық айыппұл өндіру туралы арыз түсті. Арызда ол Кардың дүние-мүлкін тәркілеуді сұраған. Сот арызды қабылдады.

"Қылмыстық процессте жеке немесе заңдық тұлғалардан материалдық және моралдық шығынды өтеу арыз талаптары қаралады. Оған қоса, жапа шеккендер жерлеу рәсімдеріне, емделуге, сақтандыруға төленген қаражатты,  зейнетақы, жәрдемақы, мемлкет шығындарын, тергеу мен сот істеріне қатысқаны үшін шығындарының өтелу талап арыздары қаралады" - деп жазылған құжатта.

Осы айтылғандарға сүйене отырып сот арызда көрсетілгендей Ілияс Кардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін тәркіледі.  

Айыпталу актінде көрсетілгендей 2018 жылы 29 желтоқсанда болды Mercedes Gelandewagen автомобилін жүргізген Ілияс Кар Mitsubishi Galant көлігін соққан. Нәтижесінде 33 жастағы Бақытнұр, 45 жастағы Шолпан Елгезекова және 40 жастағы Динара Хамитова қаза тапты. 41 жастағы Айзада Сатыбалдиева ауыр халде емханаға жеткізілген.

Айта кетейік, осыған дейін жол апатын жасаған Ілияс Карды прокурор сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Ол Шакир Джумазовқа да қатысты шешім қабылдауды сұраған, себебі ол куәгер ретінде жол апаты болған күні айыпталушының ішімдік ішпегенін айтқан.

Ілияс Кардың өкілдері сот шешімінің алдында Хамитовтың отбасынан басқа барлық жақтың материалдық шығындарын өтеген.

Оған қоса, жапа шеккен төрт тарап айыпталушыдан моралдық шығын ретінде әрқайсысына 10 миллион теңге талап етіп жатыр. 

Сотталушы көлік жүргізуде 15 жылдық тәжірибесі бар екенін және жол-көлік оқиғасына бұрын-соңды түсіп көрмегенін атап өтті. Жол-көлік оқиғасы алдында ол мейрамхана мен караокеде болғанын, бірақ ішімдік ішпегенін айтты. Оның айтуынша, ол онкологиялық ауруға шалдыққан. Кейін ол не үшін жол-көлік оқиғасынан орнынан кетіп қалғанын айтып берген еді.  

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай