18 ақпан 2019 16:44

Прокурор Ілияс Карды сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фотоколлаж Tengrinews.kz © Фотоколлаж Tengrinews.kz

Алматыда өлімге алып келген жантүршігерлік жол апатын жасаған Ілияс Карды прокурор сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Алматыда өлімге алып келген жантүршігерлік жол апатын жасаған Ілияс Карды прокурор сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Апат 2018 жылы 29 желтоқсанда болды. Mercedes Gelandewagen автомобилін жүргізген Ілияс Кар Mitsubishi Galant көлігін соққан. Нәтижесінде 33 жастағы Бақытнұр, 45 жастағы Шолпан Елгезекова және 40 жастағы Динара Хамитова қаза тапты. 41 жастағы Айзада Сатыбалдиева ауыр халде емханаға жеткізілген.

"Ілияс Карды айыпты деп танып, оған 345-баптың 4-бөлігі бойынша сегіз жыл бас бостандығынан айыру мен көлік құралын жүргізу құқығынан жеті жылға айыру жазасын қолдануды сұраймын. 347-бабы бойынша көлік құралын жүргізу құқығынан екі жылға айыру жазасына кесу. 58-баптың 2-бөлігі бойынша ауыр жазаның орнына өте ауыр жазаға алмастыруды, яғни сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын минимал қауіпсіздік мекемесінде өтеу және көлік құралын жүргізу құқығын жеті жылға айыру жазасына кесуді сұраймын", - деді прокурор.

Айыпталушы Ілияс Кар сотта моральдық шығын көрген тараптарға бір миллион теңгеден өтейтінін мәлімдеді

Сотталушы көлік жүргізуде 15 жылдық тәжірибесі бар екенін және жол-көлік оқиғасына бұрын-соңды түсіп көрмегенін атап өтті. Жол-көлік оқиғасы алдында ол мейрамхана мен караокеде болғанын, бірақ ішімдік ішпегенін айтты. Оның айтуынша, ол онкологиялық ауруға шалдыққан. Кейін ол не үшін жол-көлік оқиғасынан орнынан кетіп қалғанын айтып берген еді.

Жол апаты салдарынан Mitsubishi Galant жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. Қайтыс болғандардың бірі - актриса Шолпан Елгезекова. Тағы бір актриса Айзада Сатыбалдиева ауыр халде жансақтау бөліміне түскен. 3 ақпанда ол ауруханадан шығарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети