Сот Төлешовке қатысты үкімді шығару үшін кеңес бөлмесіне кіріп кетті

28 Қазан 2016, 15:25
0
Сот Төлешовке қатысты үкімді шығару үшін кеңес бөлмесіне кіріп кетті -

Сот Төлешовке қатысты үкімді шығару үшін кеңес бөлмесіне кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Бүгінде Тоқтар Төлешовке және басқа тұлғаларға қатысты қылмыстық бойынша сот отырысы аяқталды. Сот үкім шығару үшін кеңес бөлмесіне кіріп кетті", - делінген республиканың Әскери сотының редакцияның ресми сауалына берілген жауабында. 

Үкімнің қашан шығарылатыны да қосымша хабарланатыны белгілі болды.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді.

Тоқтар Төлешов пен басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс әскери сотқа 29 тамызда "Құпия" тәртібінде түсті. Сот процесі 14 қыркүйекте басталған. Қылмыстық іс 300 томнан тұрады. Бұл іс бойынша жүзден аса куәгер, 17 жәбірленуші және жәбірленуші тараптың 12 өкілі қатысты. Төлешов қылмыстық топты құрып, оны басқарды, зорлық-зомбылық, бөтеннің мүлкін бүлдіру, ұрлау, қарақшылық, адам өлтіру және билікті басып алуға үгіттеу және жарияланымдар шығару бойынша айыпталып жатыр.

Төлешов Қазақстанда билікті қалай құлатқысы келді: ҰҚК нұсқасы


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай