10 наурыз 2017 16:21

Сотталған мұғалім Юрий Пакқа рақымшылық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юрий Пак. © Tengrinews Юрий Пак. © Tengrinews

Қарағандыда Абай аудандық соты Юрий Пактың өтелмеген мерзімін 5 ай 12 күнге қысқартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қарағандыда Абай аудандық соты Юрий Пактың өтелмеген мерзімін 5 ай 12 күнге қысқартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"10 наурызда судья Гүлнар Миханованың төрағалығымен Абай аудандық соты Қарабас ауылындағы АК 159/18 мекемесінің сотталған Пак Юрий Дмитриевичтің өтелмеген мерзімін қысқарту туралы ұсынысын қанағаттандырды. Сотталған Пак Юрий Дмитриевичтің өтелмеген мерзімі "Рақымшылық туралы" заңға сәйкес 1/4 бөлікке, яғни, бес ай 12 күнге қысқартылды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және жарияланған күннен бастап 15 тәулік ішінде оны қайта қарауға өтініш беруге болады.

Еске салайық, 2016 жылдың 3 қазанында Юрий Пак 2 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Тергеу нұсқасы бойынша, 2016 жылдың сәуір айында педагог жұмыс орнында отырып, 102 пультіне қоңырау шалып, орталық әмбебап дүкенінде жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабар берген. Бұл ақпарат расталмады. Мұғалімге шығарылған үкім әлеуметтік желіде көп талқыланды. Көпшілік сот үкімінің әділетсіз екенін және сотталушының айыбы жоғы туралы жазды. Кейінірек прокурорлар және Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының төрағасы сот шешіміне қатысты пікірлерін білдірді.

"Террорлық акт туралы көрінеу жалған хабар беру" бойынша сотталған қарағандылық физика пәнінің мұғалімі Юрий Пактың апелляциялық шағымын да сот алқасы өзгеріссіз қалдырған болатын.

Мұғалімнің басында болған оқиға туралы Сенат депутаты Дариға Назарбаева Бас прокуратурадан білгісі келді. "Мен Бас прокуратураға хат жолдап, іс материалын тағы бір жіті қарап шығуын сұрадым", - деген болатын Дариға Назарбаева, сонымен қоса ол сот жүйесінің істеріне парламентарилер де араласа алмайтынын айта кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети