31 шілде 2019 09:14

Сотталғандарды азаптағандардың видеосы: Колонияның бес қызметкері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы облысындағы Заречный түрмесінде сотталғандарды азаптаған атышулы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы облысындағы Заречный түрмесінде сотталғандарды азаптаған атышулы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оның айтуынша, түрме ішінде түсірілген 40 бейнежазба мен аудиофайл жіті тексерілген. Министр темір тордың ар жағында қызметкерлердің сотталғандарды қинап, құзыретін асыра пайдаланғанын мойындады.

"Кеше жедел шаралардың нәтижесінде сол колонияның бес қызметкері ұсталды. Екі қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың біреуі түрме бастығының орынбасары. Қылмыстық іс Алматы облыстық прокуратурасына берілді. Қазір тергеу жүріп жатыр. Аталмыш оқиға біздің қылмыстық-атқару жүйесіндегі масқара жағдай", - деді ішкі істер министрі.

Осыған дейін Желіде видео пайда болған. Онда колония қызметкерлері сотталушыларды спортзалда азаптап жатқаны түсірілген. Тағы бір видеода әскери форма киген қызметкерлер бір адамды іліп қойғаны түсірілген. Олардың бірі ер адамның басынан. Кадрдан басқа әскерилер мен күзетшілерді көруге болады. Осы оқиғадан соң ЛА 155/8 мекемесінің басшысы қызметінен босатылғаны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети