11 тамыз 2022 15:48

Сотталушы Бақытгүл Хаменова әкімнің орынбасары қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Бақытгүл Хаменова 3 тамызда Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылған. Бұл туралы облыс әкімшілігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бақытгүл Хаменова 3 тамызда Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылған. Бұл туралы облыс әкімшілігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Президент Әкімшілігімен келісе отырып, облыс әкімінің 2022 жылғы 3 тамыздағы өкімі бойынша Бақытгүл Қайыржанқызы Хаменова қызметінен босатылды", - делінген Tengrinews.kz тілшісіне облыс әкімдігі берген жауапта.

Еске салайық, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Атырау облысының арнайы тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

Онымен бірге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те ұсталды. 11 тамызда Атырауда Бақытгүл Хаменованың соты басталғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети