06 қаңтар 2018 12:35

Степногорскте терроризмді насихаттаған қыз жындыханада жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ақмола облысының екі тұрғыны діни алауыздық пен терроризмді насихаттағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды. Қазіргі таңда тергеу аяқталды, қылмыстық іс сотқа жөнелтілді, деп мәлімдеді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің мамандары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысының екі тұрғыны діни алауыздық пен терроризмді насихаттағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды. Қазіргі таңда тергеу аяқталды, қылмыстық іс сотқа жөнелтілді, деп мәлімдеді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің мамандары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Степногорск полицейлері 26 жастағы қыздың терроризмді және лаңкестік актісін жасауды ашықтан-ашық насихаттағанын анықтады, ол 16 жылдан бері психиатр-дәрігердің есебінде тұр.

"Күдікті 2014 жылдың қазанынан бері діни ұйымның идеологиясын тыңғылықты меңгере бастаған, бұл ұйым сот шешіміне сәйкес Қазақстан территориясында тыйым салынған және экстремистік ұйым деп танылды. Жат бағыттағы діни әдебитеттерді оқуға әуестенген қыз әлеуметтік желілер арқылы терроризмді және лаңкестік әрекеттерді жасауға шақыру материалдарын тарата бастаған. Сонымен қатар, ол бүркеніш есімдер мен лақап аттарды қолданған", - делінген хабарламада.

Сараптаманың қорытындысы бойынша, мәтіндерде терроризмді насихаттау, лаңкестік актілер жасауға шақыру белгілері байқалған. Осылайшы, Степногорск тұрғынының әрекеттерінде ҚР ҚК 256-бабы 2-бөлімінде қарастырылған (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) қылмыс белгілері бар деп танылды.

"Қазіргі таңда қыз психиатриялық мекемеде ем алып жатыр. Полицейлер қылмыстық істі тергеуді аяқтады және медициналық сипаттағы ықтиярсыз шараларды қолдану үшін іс сотқа жолданды", - деп хабарлады ІІД мамандары.

Сонымен қатар, 2017 жылы қыркүйекте Көкшетауда облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны діни алауыздық туғызды деген күдікпен ұсталды.

"Мамандар ер адамның бір кездері намаз оқып, кейін ислам тармақтарын ұстана бастағанын анықтады және ол дінді өз бетінше зерттеген. Көптеген әдебиеттің ықпалымен күдікті исламның дәстүрлі емес ағымына түсіп кеткен. Білімін жетілдіргісі келген ер адам интернет сайттар арқылы түрлі әдебиттерді оқып, басып шығарып, діни мәндегі кітаптармен бірге үйінде сақтаған. Күдіктінің үйін тінту барысында полицейлер "Комментарий к трем основам Достопочтимый шейх Салих бин Фаузан аль-Фаузан", "Столпы ислама и веры" кітабының көшірмесін және өзге де әдебиеттерді тапты", - делінген хабарламада.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, сот-дінтану сараптамасының қорытындысына сәйкес, тінту барысында алынған кітаптарда діни алауыздық тудыру, дінге деген көзқарасына қарай азаматтардың артықшылықтары мен кемшіліктерін насихаттау белгілері анықталған.

"Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлімі бойынша тергеу жүргізіліп, қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бап санкциясына сәйкес, күдікті екіден жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе шектеу қойылуы мүмкін", - деді мамандар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети