18 маусым 2018 09:12

Степногорскте түрмеден қашқан аса қауіпті қылмыскерді ұстау сәті түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Степногорскте түрмеден қашқан аса қауіпті қылмыскерді ұстау сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны куәгер түсіріп алған. 


Степногорскте түрмеден қашқан аса қауіпті қылмыскерді ұстау сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны куәгер түсіріп алған. 

Видео кадрларынан автокөлік тұрағының маңында бірнеше әскеридің қарумен тұрғанын көруге болады. Қашқын делінген ер адам кадрға түсіп қалған. Ұстау сәті түсірілген фото мен видеоларды "ВКонтакте" желісіндегі "Воспитан в Степногорске" тобының қолданушылары да жариялап жатыр. 

Олардың айтуынша, күш құрылымдары қашқынды қаланың тоғызыншы ықшамауданында ұстаған. 

Куәгерлердің бірі тіпті қылмыскердің бір адамды тұтқында ұстап, пышақпен жарақат салғанын жа жазып жатыр. 

Абырой болғанда, полицейлер тұтқынды босатқан. 

Еске салайық, 17 маусымда кешкі уақытта Ақмола облысында аса ауыр қылмысы үшін сотталған ер адам колониядан қашып кеткен еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети