12 наурыз 2016 13:59

Стробоскобы бар көлігінің суретін Интернетте жариялаған талдықорғандық ірі көлемде айыппұл арқалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы облыстық ІІД © Алматы облыстық ІІД

Көлігіне стробоскоп қойып алып, оның суретін әлеуметтік желіге жариялаған Талдықорған тұрғынына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Toyota Camry автокөлігінің иесі суретті Instagram желісіне жариялаған. Полицейлер әлеуметтік желілерге күн сайынғы мониторинг жүргізу барысында сол суретке назар аударып, жүргізушінің кім екенін анықтады. Кейін ол Талдықорғандағы орталық көшелердің бірінде көлігімен кетіп бара жатқан жерінде ұсталды.

"Автокөлікке расымен де түрлі түсті жарық түсіретін құрылғылар мен жалпы талапқа сай келмейтін аспаптар қойылған болып шықты. Осыған байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 603-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, ірі көлемде айыппұл салынды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети