Су жаңа Rolls-Royce көлігімен автоорталыққа соғылған алматылық есірткіге мас болған

07 Наурыз 2018, 15:31
0
Су жаңа Rolls-Royce көлігімен автоорталыққа соғылған алматылық есірткіге мас болған -

Су жаңа Rolls-Royce көлігімен автоорталыққа соғылған 28 жастағы алматылық есірткіге мас болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша, ұсталған 1990 жылғы ер адам есірткі затына мас болған", - деп хабарлады ҚР ІІМ өкілдері Tengrinews.kz редакциясының сауалхатына.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 3-бөлігі ("Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу") блйынша соталды тергеу басталған. 

"Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді ҚР ІІМ өкілдері.

Еске салайық, бұл оқиға 28 ақпанда болған еді. ""Ер адам салонда Rolls Roys көлігін қарап жатып, газ педалін басып жіберген, сөйтіп, көлікпен сөрені соққан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлаған еді Astana Motors компаниясының өкілдері.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай