07 қазан 2021 11:27

Судья Астанадағы LRT ісі бойынша үкім күші неге жойылғанын түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Абай Көкжалов елордада жеңіл рельсті көлік жүйесін (LRT) салу кезіндегі ұрлық туралы іс бойынша үкімнің неге күші жойылғанын түсіндіріп, істі прокурорға қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Абай Көкжалов елордада жеңіл рельсті көлік жүйесін (LRT) салу кезіндегі ұрлық туралы іс бойынша үкімнің неге күші жойылғанын түсіндіріп, істі прокурорға қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот алқасы апелляциялық шағымдардың дәлелдерін, сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде жол берілген көптеген құқықбұзушылықтар туралы өтініштерді қарап, бұл құқықбұзушылықтардың негізі бар деп пайымдайды.

Бірінші сатыдағы сот сот тергеуінің біржақтылығы мен толық болмауына жол берді, сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде адвокаттардың барлық дәлелдерін, шағымдары мен өтініштерін тексеруді қамтамасыз етпеді", - деп мәлімдеді Көкжалов сотта.

"Бірінші құқықбұзушылық: аталған қылмысты ұйымдастырушылар Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Арданға қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске дұрыс бөлінбеген. Бұл адамдарға қатысты олардың осы қылмыстың ұйымдастырушылары екені туралы тұжырым жасауға жол берілген, қылмыстық іс сотқа келіп түскен кезде оларға қатысты жеке іс жүргізуге бөлу туралы процестік шешім болмаған.

Сонымен қатар, іс материалдарында шетелдік компаниялардың өкілдеріне қатысты айыптау актілері бойынша қылмыстық әрекеттер, атап айтқанда, олардың ақша ұрлауға көмектескені туралы мәліметтер болды. Бірақ оларға қатысты қандай да бір іс жүргізуге шешім қабылданбады", - деді судья.

Оның айтуынша, осы іс бойынша келтірілген залал сомасы бөлігінде адвокаттардың өтініштері бойынша қайшылықтар жойылған жоқ. Алғашқы және кейінгі аудиторлық қорытындылар бір-біріне қайшы келеді.

Судья адвокаттар бұл дәлелдерді бірінші сатыдағы сотқа бергенін айтты. Олар аудиторлардың қорытындысын дәлел ретінде жарамсыз деп тануды сұраған. Бірақ сот олардың өтінішіне рұқсат бермеген. Сондықтан осы құқықбұзушылық бойынша істі прокурорға қайтаруға негіз бар.

"Сонымен қатар, бірінші сатыдағы сот бұл іс бойынша зерттемеген заттай дәлелдемелер мәселесі осы іс бойынша түсініксіз болып қалды. Бұл заттай дәлелдемелер тек апелляциялық сатыдағы сотқа келіп түсті. Бірінші сатыдағы сот бұл дәлелдерге де тиісті баға берген жоқ", - деп атап өтті Абай Көкжалов.

Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтан сотының сот алқасы елордада жеңіл рельсті көлік жүйесін (LRT) салу кезінде ұрлық туралы іс бойынша үкімнің күшін жойып, құқықбұзушылықты жою үшін істі прокурорға қайтарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети