08 қазан 2021 | 11:35

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алматылық атқыштың көзі көгеруіне байланысты тексеріс өткізеді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz/Алихан Сариев Сурет Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алматылық атқыш Игорь Дужновтың бетінде көгерген жерлер қайдан пайда болғанын анықтайды. Бұл туралы ресми сұраққа жауап Алматы прокуратурасы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алматылық атқыш Игорь Дужновтың бетінде көгерген жерлер қайдан пайда болғанын анықтайды. Бұл туралы ресми сұраққа жауап Алматы прокуратурасы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бес адам қаза тапқан Ақбұлақ ықшамауданындағы оқиғадан кейін 20 қыркүйекте кешке Дужнов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үш күннен кейін тергеуде алматылық атқышқа қатысты сот отырысы өтті.

Сот отырысы бейнеконференция арқылы онлайн-режимде өткенін атап өту керек. Отырысқа тергеу судьясынан басқа прокурор, Игорь Дужновтың өзі және оның адвокаттары, журналистер қатысты. Сот процесіне қатысушылар күдіктінің көзінің астында көгергенге ұқсайтын қара дақтар болғанын байқады.

"29 қыркүйекте қала прокуратурасы Дужновтың дене жарақатына қатысты сот қаулысында көрсетілген мән-жайларды тіркеді. Тексеру және процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жолданды", - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақбұлақта атыс дерегі бойынша қылмыстық кодекстің 99 және 380-1-баптары "Кісі өлтіру" және "Құқық қорғау органдары қызметкері өміріне қол сұғу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл істі тергеумен Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобы айналысады. Егер кінәсі дәлелденсе, ер адам 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге болмайды. Егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, олар прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін, осыған байланысты сотқа дейінгі тергеудің өзге ақпараттары жарияланбайды", - деді Алматы прокуратурасында.

Бұған дейін алматылық атқыш Игорь Дужновты екі айға қамауға алғаны хабарланды.

"Сау, шағымы жоқ". Адвокат алматылық атқыш туралы

Игорь Дужнов тұратын үй. Сурет ©Tengrinews.kz/Шокан Алхабаев

Еске салайық, 20 қыркүйекте кешке Ақбұлақ ықшамауданындағы үйлердің бірінің иесі үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген адамдарға аңшы мылтығынан оқ атты. Оқиға салдарынан алматылық мерген бес адамды өлтірді. Қаза болғандардың арасында екі полиция қызметкері мен сот орындаушысы, сондай-ақ, үйдің жаңа иесі және куәгер бар. 

Куәгерлердің айтуынша, атыс оқиғасы бір минутта болған. 

Кейін журналистерге алматылық атқыштың әйелі Анаида Демирчян шықты. Ол болған жағдай мен оның алдындағы оқиғалар туралы айтты. Ол Қазақстан Президентіне жүгінді, оқиғаға Қасым-Жомарт Тоқаев жауап берді.

Игорь Дужнов тұратын үй. Сурет ©Tengrinews.kz/Шокан Алхабаев

Бұл дау үйдің несиесін төлемеуі салдарынан туындаған, үй кепілге алынған. Одан кейін үй қаржы ұйымының меншігіне өтіп, содан кейін жеке тұлғаға сатылды. Жеке сот орындаушылар палатасы борышкерге 2020 жылдан бастап үйді босату туралы бірнеше рет хабарлағанын атап өтті.

Қайғылы оқиға болған үйде тұтқындалған мерген Игорь Дужновтың отбасы тұрады. Үйден шығару қыс басталуына орай кешіктіріледі, өйткені адамдарды суық мезгілде үйден шығаруға заң бойынша дұрыс емес.

"Банк ЦентрКредит" АҚ-тың өзі үймен арадағы даулы жағдайды түсіндірді. Сот күдіктінің әйелінің көшіру туралы шешімге шағымын қарастыратыны белгілі болды, бірақ бұл іс жаңа иесінің қайтыс болуына байланысты кейінге қалдырылды.

Алматылық атқыш Игорь Дужнов банкке ғана емес, таныстарына да қарызын қайтармай жүрген.

Мәжіліс депутаты Андрей Линник банктердің мүмкіндіктерін шектеуге, несиелер бойынша мөлшерлемелерді төмендетуге және жеке тұлғалардың қарызға батуы туралы заң қабылдауды сұрады. Бірақ бұл халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушыларға ғана қатысты. 

Алматылық атқыш Игорь Дужновқа тоғыз рет елден шығуға тыйым салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети