18 қыркүйек 2014 11:35

Таксист әйелді сабаған хромтаулық екі оқушы сот алдына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вадим Бедекер мен Глеб Артемов сотта. ©diapazon.kz Вадим Бедекер мен Глеб Артемов сотта. ©diapazon.kz

Хромтауда екі оқушы таксист әйелді ұрып-соғып, машинасын айдап әкеткені үшін сот алдына келді, - деп жазады "Диапазон". Іс қаланың ювеналдық сотында қаралып жатыр. Сотталушылар - 17 жастағы Вадим Бедекер мен Глеб Артемов.


Хромтауда екі оқушы таксист әйелді ұрып-соғып, машинасын айдап әкеткені үшін сот алдына келді, - деп жазады "Диапазон". Іс қаланың ювеналдық сотында қаралып жатыр. Сотталушылар - 17 жастағы Вадим Бедекер мен Глеб Артемов.

Тергеу материалдарына қарағанда, жоғарғы сынып оқушылары таксисті тонап, ақша таппақ болған. Олар такси қызметіне қоыңрау шалып, машина шақыртады, жүргізуші 31 жастағы Ақтоты Құлбаева болып шықты. Оқушылар машинаға отырған кезде олардың бірі жүргізушінің назарын басқа нәрсеге аударады да, сол сәтте екіншісі әйелді балғамен ұрады. "Құлбаева соққыдан қорғану үшін басын бүркеп алады. Артемов оның мойнына жіп салады, тізесімен арқадан тіреп тұрып, қылғындыра бастайды. Жәбірленуші есінен танып қалады", - дейді мемлекеттік айыптаушы.

Содан кейін жасөспірімдер Құлбаеваны машинаға салып алып кетеді. Әйел есін жиып, көліктен өзі түсіп қалады. Оқушылар оны қайтып көлікке отырғызбақ болады, бірақ кейін райынан қайтып, кетіп қалады. Шабуылшылар оның ұялы телефонын, екі жұмсақ ойыншықты, автодабыл қағу пультін, күртешені және 2600 теңгені алып кетеді. Көшеде жатқан әйелді қонақүй қызметкерлерінің бірі көріп қалып, полицияға хабарлайды. Келесі күні жасөспірімдер ұсталды.

"Мен аяқтарына жалынып, ұрмауды сұрадым, үш жасар қызым бар дедім. Бәрін алыңдар, арыз да жазбаймын дедім. Бірақ олар қарамады, ұра берді. Мен басымды қолыммен бүркедім, сондықтан қолым сынды. Тірі қалғаным - құдайдың сақтағаны, қызымның болғанынан шығар. Олар мені жүксалғышқа салғысы келді, бірақ кілт болмай шықты. Мен ол жерден тірі шықпас едім. Дәрігерлер 10 сағат көмек көрсетті, жарақаттарымды тікті, дәрігерлер тірі қалғаныма таңданды. Бұл шабуыл бүге-шігесіне дейін есімде қалыпты, соңғы сәтке дейін есімді білдім. Қазір мен үйде жалғыз қалудан қорқамын, машинада отырғанда да арт жақтағы адамдардан қорқатын болдым", - дейді жәбірленуші. 

Еске салайық, бұл оқиға осы жылдың 12 сәуірінде болды. Қазіргі уақытта Бедекер мен Артемов уақытша ұстау изоляторында отыр. Олар сотта куәлік ете қойған жоқ, куәгерлерден жауап алынып жатыр. Жәбірленген әйелге ұзақ емделу қажет, оның басына пластина орнатылады. Оның бір қолы икемге келмей қалған. Соған қарамастан, әйел жұмысын атқарып жүр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети