22 сәуір 2014 10:30

Хромтаулық оқушылар таксист әйелді ұрып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© azh.kz © azh.kz

Бірі 17, ал екіншісі 16 жасар хромтаулық екі оқушы, қала ішінде жолаушылар тасымалдаумен айналысатын таксист әйелді өлімші етіп сабап, оның көлігін айдап кеткен, деп хабарлайды vaktobe.kz порталы Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл оқиға сәуірдің 12-сі күні болған. 

Түнгі сағат 12.00 шамасында полиция бөлімшесіне "Уют" қонақүйі маңында шалажансар бір әйелдің жатқандығы туралы мәлімет келіп түскен. Оқиға орнына дереу жетіп, жылдам әрекет еткен тергеу тобының өкілдері әлгі әйелдің иелігіндегі "ВАЗ" маркалы көлікті қала сыртынан тапса, кісіге қол жұмсаған екі бұзақыны да көп ұзамай-ақ қолға түсірген.     

Қазіргі уақытта қос бұзақы уақытша қамау изоляторында отыр. Ал жарақаттанған әйел аудандық ауруханада. Қазіргі уақытта жергілікті дәрігерлер 30 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалудың қамымен жүр. Өкінішке қарай, интернет басылымы таксист әйелге  диагноздың ауыр түрі қойылғанын айтуда. Алайда науқасқа таңылған диагноз көпшілік үшін белгісіз күйінде қалып отыр. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети