17 наурыз 2021 09:26

Талдықорғанда алаяқ кафелер мен мейрамханаларға "айыппұл" салған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорған тұрғыны өзін мемлекеттік қызметші ретінде таныстырып, мейрамхана мен кафе қожайындарынан ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Astanatv.kz.


Талдықорған тұрғыны өзін мемлекеттік қызметші ретінде таныстырып, мейрамхана мен кафе қожайындарынан ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Astanatv.kz.

27 жастағы ер адам алаяқтықтың "жақсы" жолын тапқан. Ол мейрамханаларға барып, өзін мемлекеттік қызметші ретінде таныстырады. Кейін қожайынынан ақша бопсалайды. Бірақ ер адамның инспектор екенін куәландыратын құжаты болмаған. Ұсталғанға дейін ол төрт мейрамхананы алдап, жалпы 35 мың теңге алып үлгерген. 

"Талдықорғанның 27 жастағы тұрғыны мемлекеттік қызметшінің атын жамылып, қаладағы ойын-сауық мекемелерін аралап, карантин режимі кезінде қорғау секілді алаяқтық қызметтерді ұсынып, сол үшін ақша талап еткен. Сұраған сомасы 5 мың теңгеден басталады. Қазіргі уақытта мұндай төрт дерек бар. Алайда тізім толуы мүмкін", - деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети