24 шілде 2021 15:27

Талғар тұрғыны 13 жастағы өгей қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны 13 жастағы өгей қызын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны 13 жастағы өгей қызын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, 23 шілдеде Талғардағы жеке үйлердің бірінен 13 жастағы қыздың зорлық белгілері бар мәйіті табылған. Дерек ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша СДТБТ-де тіркелді.

"Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қажетті іс-шаралар өткізіп, аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктелген 47 жастағы өгей әкені анықтады. Ер адам қыздың анасымен азаматтық некеде екені белгілі болды. Оқиға орнынан бой тасалаған күдіктіні Алматы облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері Алматы аумағында ұстады", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Полицейлер балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған заңнаманың қатаңдағанына қарамастан, мұндай қылмыс әлі де жасалатынын айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети