Талғат Ермегияевке қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

11 Наурыз 2016, 18:32
0
Талғат Ермегияевке қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды - Иллюстрация © Tengrinews.kz
Иллюстрация © Tengrinews.kz

"Астана ЭКСПО" ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы, аса ірі көлемде қаражат жымқырды деп айыпталған Талғат Ермегияевке қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда прокутарурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 жылдың 9 наурызында қалалық прокуратура қылмыстық-процессуалдық кодекстің 300-бабының тәртібінде келіп түскен қылмыстық істің материалдарын зерттеу қорытындысы бойынша, Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарастыруға жіберілді", - деп хабарлады қалалық прокуратурадағылар.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев төрт миллиард теңгеден аса қаражатты заңсыз сыйақы ретінде алды деген күдікке ілінген болатын. Өткен жылдың шілдесінде ол үй қамауына алынған еді. 

Ермегиеявпен қатар "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев пен "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы жетекшісі Қажымұрат Үсенов те айыпталып отыр. жалпы осы іс бойынша 24 адам күдікке ілініп отыр. "Астана ЭКСПО" компаниясынан 10 миллиард теңгенің жымқырылғаны да хабарланды. 

Айта кетейік, "Астана - ЭКСПО" компаниясындағы жымқыру туралы қылмыстық істің материалдары 500 томнан асқаны хабарланған болатын. Бұл туралы бүгін республиканың бас прокурорының орынбасары Нұрмұханбет Исаев мәлім етті. "Қылмыстық іс прокурорға әлі жетпеді. Танысу процессі тергеудің аяқталғанын білдіреді, күдіктілер қылмыстық істің материалдарымен танысып жатыр. Осы іс бойынша тергеу материалдары 500 томнан асты. Күдіктілердің құқығын бұзбау мақсатында танысу уақытын біз шектей алмаймыз. Егер күдіктілер таныспаса, уақытты қасақана созып жатса, заң қылмыстық істің материалдарымен танысудың кестесін бекітуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта танысу қалыпты уақытта өтіп жатыр, бірақ оның қанша уақытқа созылатынын болжай алмаймын", - деді бас прокурордың орынбасары.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай