31 наурыз 2021 17:42

Тамағына пышақ тақады: Алматыда полицейлер әйелді қарақшыдан құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматыда әйелдің пәтеріне басып кіріп, оны пышақпен қорқытқан қарақшы ұсталды. Тәртіп сақшыларына көршісі уақытында хабар беріп үлгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда әйелдің пәтеріне басып кіріп, оны пышақпен қорқытқан қарақшы ұсталды. Тәртіп сақшыларына көршісі уақытында хабар беріп үлгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы Бостандық ауданы Радостовец көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғынынан "102" пултіне 00.50-де шұғыл қоңырау түскен. Хабарласқан әйел көрші пәтерден көмек сұрап айғайлаған дауыс шығып жатқанын айтқан.

"Пәтер иесі есікті ашпай бәрі дұрыс екенін және көмегімізге мұқтаж емесін айтты. Әйелдің даусынан үрейленіп тұрғаны байқалды. Сондықтан біз мәселенің анық-қанығына көз жеткізбей, оқиға орнынан кетпейміз деп ұйғардық. Есікті ашуды сұрадық, бірақ жауап болмады. Кейін пәтер ішінде айғай-шу барын байқадық. Әріптесім кілт саңылауы арқылы бетіне қара бетперде киген адамды көрді, оның қолында пышақ болды. Ер адам пышақты әйелдің тамағына тақап тұрды. Дұрыс шешім қабылдау және күдікті құрбанына зақым келтіріп үлгермеуі үшін оны шошытып алмау маңызды болды. Бір сәтте біз пәтерге кіріп, қарулы ер адамды құрықтадық. Тексеру барысында күдіктінің бұрын төрт рет сотталған 40 жастағы тұрғын екені анықталды", - деді Алматы қалалық ПД патрульдік полиция полкінің инспекторы Нұрдос Тұрлыбек.

Қалалық криминал полиция мәліметіне сүйенсек, күдікті көшеде қыздың соңынан түсіп, оның пәтеріне баса-көктеп кірген. Кейін 40 жастағы күдіктінің төрт рет сотталғаны анықталды.

Айта кетейік, бұған дейін ЕҚЫҰ Миссиясының басшысы қазақстандық полицейлерді жоғары бағалаған болатын. Ол қазақстандық полицейлер тиімді жұмыс істей алатынын және реформаларға дайын екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети