25 желтоқсан 2018 10:12

Таразда алаяқ әйел зейнеткерді гипноздап, 8 мың долларын алып кеткен

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК © КТК

Таразда зейнеткерлердің есебінен күн көретін әйел ұсталды. Ол соңғы рет зейнеткердің 8 мың доллары мен 120 мың теңгесін үптеп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 


Таразда зейнеткерлердің есебінен күн көретін әйел ұсталды. Ол соңғы рет зейнеткердің 8 мың доллары мен 120 мың теңгесін үптеп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

39 жастағы әйел 68-дегі зейнеткермен көшеде жолығып, оның іші-бауырына кірген. Сөйтіп ол, қарт кісінің ақшасы барын біліп, алдын ала теңгесін берсең, дүкеннен 30 пайыз жеңілдікпен тұрмыстық техниканы алуға болады деп үгіттеген. Тіпті лотереяға қатыссаң, толық соманы қайтарып аласың деп сендіреді. Осы жалған сөзге илана қалған аңқау зейнеткер банкоматтағы 120 теңгесі мен депозиттен 8 мың долларын шешіп бере салған. Ал одан кейін уәде берген адамы ұшты-күйлі жоғалған. Түк түсінбей қалған кейуананың шағымынан соң іздеуге кіріскен полицейлер, күдіктіні көрші облыста қолға түсірді. Қазір оның сыбайластары бар жоғы анықталып жатыр.

"Күдікті Шымкент қаласының мөлтек аудандарының бірінде ұсталған. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда ол Тараз қаласына жеткізіліп, осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспассөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети