25 мамыр 2021 09:27

Таразда аурухананы жарып жіберемін деп қорқытқан зейнеткер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: КТК/видеодан алынған Фото: КТК/видеодан алынған

Таразда 66 жастағы науқас бас дәрігермен кездесуді талап етті. Ол дәрігердің қабылдауын күтпестен "бәрін жарып жіберемін" деп қорқытқан. Тәртіп сақшыларына аурухананы эвакуциялауға тура келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Полиция мәліметі бойынша, аурухананы жарып жібермекші болған әйел туралы медбике хабар берген. Тәртіп сақшылары емхананы қоршап, дәрігерлер, науқастар мен келушілерді эвакуациялады.

Телеарна тілшілері мәліметіне сүйенсек, жарылғыш зат төрт көпқабатты ғимараттан бірнеше сағат бойы ізделген. Алайда қауіпті ештеңе табылмаған.

Әйел оқиға орнында ұсталды. Енді оған айыппұл салынуы немесе бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

"Факт Тараз қаласы басқармасы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізімінде ҚК-нің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша тіркелді. Қызметтік-іздестіру иттері мен саперлер оқиға орнын тексеру барысында аурухана ғимаратында қандай да бір күдікті заттар мен құрылғылар табылған жоқ", - деді Тараз полиция басқармасының бастығы Асылхан Заурбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети