Таразда белгісіз біреу балаларға оқ атқан. Үшеуі ауруханада жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда белгісіз біреу балаларға оқ атқан. Үшеуі ауруханада жатыр Фото: Тұрар Казанғапов/Tengrinews.kz

Таразда облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала түсті. Бұл туралы полиция өкілі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Таразда облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала түсті. Бұл туралы полиция өкілі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тараз қаласының полиция басқармасына облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған  үш кәмелетке толмаған бала жеткізілді деген хабарлама түсті. Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмысты жасаған күдікті анықталып, ұсталды", - деді полиция өкілдері.

Жасөспірімдердің жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төндіп тұрған жоқ.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 491.06  course up  585.46  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети