26 қазан 2018 15:14

Тәтішевтің өлімі: Тоқмәди Әблязовтан 2 миллион доллар алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін Мұхтар Әблязовтан екі миллион доллар алған. Бұл туралы Тоқмәди Жамбыл облысында өтіп жатқан сот отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бизнесмен Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін Мұхтар Әблязовтан екі миллион доллар алған. Бұл туралы Тоқмәди Жамбыл облысында өтіп жатқан сот отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Банкир Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастыру ісі Таразда қаралып жатыр. Бұл іс бойынша айыпты Мұхтар Әблязов. Сот тыңдалымы оның қатысуынсыз өтіп жатыр. Куәгерлер сотта түсінік беріп, іс бойынша шамамен 60 куәгер бар.

Тоқмәди Әблязовтың оны қорқытқаны туралы сотта айтты. Сонымен қатар, Әблязовтан алған ақша туралы баяндады.

"Ол жеткілікті деңгейде ықпалды адам болды және оның күш құрылымдарында достары болды, олар менің ісімді білген еді. Бас тартсам түрмеге қамайтын еді немесе тапсырыспен өлтіретін еді. Менің отбасы мүшелерімді де, егер кісі өлтіруден бас тартсам. Бәрі дұрыс болса 4 миллион доллар төлеймін деген. Кепілдік болған жоқ. Ол ақша проблема емес, бәрі дұрыс болады деді (...) Шамамен 2003 жылы күзде менің үйіме екі жігіт келіп, спорттық сөмкемен ақша әкелді, олар "Мәкеден" деді. Үйге алып кірдім, ішінде жүздолларлық купюралар болды, санап көріп едім екі миллион доллар екен. Оның басым бөлігі несиені жабуға жұмсалды. Компанияда қаржылық қиындықтар болып жатқан. Бұл бір жарым миллион доллар, шамамен 180 миллион теңге", - деді Тоқмәди сотта.

Ол кісі өлімі болған күн туралы да айтып берді.

"2004 жылы 18 желтоқсанда ол (Тәтішев - Авт) менің ұялы телефоныма қоңырау шалып, аңға баруды ұсынды. Алғашқы қар түскен күн еді. Ол 19-нда таңертең шығамыз деді. Мен үш жарымның кезінде оның үйіне барып, екі көлікпен Қордайға қарай шықтық. Жанымда менің қаруым болды. Жолда екі қасқыр шықты. Олардың біреуін ол (Тәтішев) атып түсірді, екіншісінің ізіне түстік", - деп еске түсірді Мұратхан Тоқмәди.

Оның айтуынша, олар қасқырды қуып таңға қарай елді мекенге келген, ол жердегі тұрғындар қасқырдың ауылға жақындағанын айтқан.

"Біз ізді көрдік. Козликин, оның оққағары жүргізуші орнында отырған.(...) Іздер жоғала бастады, жүргізуші іздерді жоғалтып, мен қайта-қайта көліктен түстім, кезекті рет көліктен түскенімде Ержанның рульге отырғанын көрдім. Мен отырайын деген едім, ол бас тартып, кете бердік. Жүргізуші жолаушы орнына отырды, мен артта отырдым. Қасқырларды көріп, терезеден шығарып, 200-300 метр жерден бірнеше рет оқ аттым. Біреуі жараланғандай көрінді", - деді Тоқмәди.

Олар жарысамыз деп, өте жоғары жылдамдықпен бара жатты. 

"Мен артқы орындықтан алға қарай ұшып түсіп, басымды көліктің люгіне соқтым. Екінші көлік артымызда келе жатты. Менің басым қанап, Ержан бәрі дұрыс па деп сұрады. Қаруды алып беріп жібер деді. Мен қаруды бердім. Козликин оқтап, өзі атпақшы болды, бірақ Ержан қаруды алып алып, сол жақтан өзі атпақшы болды. Бірақ олай болмайтынын түсініп, қаруды маған берді. Осы кезде мен қаруды алып, басына қарай оқ аттым. Көлік тоқтап, екінші көлік келді. Біз милицияны шақырып, одан әрі тергеу шаралары басталды", - деді Тоқмәди. 

Тоқмәдидің айтуынша, ол Тәтішевке Әблязовтың қорқытқанын айтқысы келген, бірақ айта алмапты.

"Солай істегім келді, бірақ Әблязов әрдайым құлағдар болатын, барлығы оған жеткізілетін. Мен Әблязовтың ықпалды адам екенін және барлық жерде өз адамы бар екенін білдім. Сөйтіп, айтуға бата алмадым", - деді Тоқмәди.

Тәтішевті дәл қай күні өлтіретініңді білдің бе деген сұраққа ол былай жауап берді: "ыңғайлы сәт болған соң қаруды алып, аттым". Ол мұның барлығы "алдын ала жоспарланғанын" айтты.

Тәтішевтің өлімі: Тоқмәди Әблязовтің жоспарды қалай құрғанын айтып берді

Еске сала кетейік, биыл 16 наурызда Мұратхан Тоқмәди Тәтішевті өлтіргені үшін 10 жыл 6 айға сотталған болатын. Бас прокуратураның мәліметінше, Мұхтар Әблязов 2004 жылы бас бостандығынан айыру орнынан шыққаннан кейін БТА банк басқарма төрағасы Тәтішевті өлтіру үшін 4 миллион долларға тапсырыс беріп, Тоқмәдиді жалдаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети