Тәтішевтің өлімі: Тоқмәди Әблязовтің жоспарды қалай құрғанын айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Мұратхан Тоқмәди сотта Әблязовтің банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді қалай жоспарлағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мұратхан Тоқмәди сотта Әблязовтің банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді қалай жоспарлағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Ержан Тәтішевтің өлімі бойынша іс Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Сот отырысы айыпталушы Мұхтар Әблязовтің қатысуынсыз өтіп жатыр. 

Куәгерлер сот алдында жауап беріп жатыр. Барлығы шамамен 60 куәгер. Олардың ішінде Нартай Дүтбаев пен Мұратхан Тоқмәди бар.


© Tengrinews.kz

Тоқмәди залға кісенсіз кірді. Ол сот барысында Әблязовпен қалай танысқанын айтып берді.

"Әблязовпен 2003 жылдың басында таныстық. Маған адамдар хабарласып, жобаларды инвестициялау туралы өтетін кездесуге шақырды. Қонақүйге келдім. Қазір ол қонақүй "Интерконтиненталь" деп аталады. Сол адамдардың ішінде Әблязовті көрдім. Содан ол мені шақырды, барып қасына отырдым, әңгімелестік. Ол жобаны қаржыландыру қажеттігі жайлы білді, инвестициялар жайлы сөйлестік, кейін Ержан Тәтішевтің онымен дұрыс жұмыс істемегенін айта бастады", - дейді Тоқмәди.


© Tengrinews.kz

Тоқмәдидің айтуынша, ол Әблязовпен бірнеше рет кездескен.

"Әрбір кездесуде Ержан Тәтішевтің дұрыс істемегені жайлы айта берді. Банкті және ондағы үлесін кез келген жолмен алғысы келетінін айтты. Тіпті физикалық жолмен болсын. Сосын маған осы іске қатысуды ұсынды. Күш құрылымдарында өзінің адамдары бар екенін айтты. Ал мен одан бас тартсам, маған қауіп төнетінін айтты. Отбасыммен де қорқыта бастады. Кейін кездесулердің бірінде барлығын жақсылап ойластырып қойғанын айтты. Аң аулауға шыққанда жазатайым оқиға сияқты болады деді", - деп еске алады Тоқмәди.


© Tengrinews.kz

Бұрынғы бизнесмен сол кезде Ержан Тәтішевпен достық қарым-қатынаста болғанын және бірнеше рет аң аулауға шыққандарын айтады.

"Алғаш рет барғанымызда оған барлығы ұнады. Кейінірек балық аулауға да шығып жүрдік. Жақын араласа бастадық, дос болдық", - деді Тоқмәди.

Сондай-ақ, Тоқмәди БТА банкінің оған зауыт салу үшін несие алу туралы өтінішін мақұлдағанын айтып өтті.

"Шамамен сол кезде біз шыны шығаратын зауытты салу бойынша бизнес-жоспар дайындап жаттық. Сол жоспарым туралы Ержанға айттым. Ол міндетті түрде банкке және несие бюросына бару қажеттігін айтты. (...) 4,2 миллион еуро несие алдым. Жартысы теңгемен тұрды" , - дейді Тоқмәди.

Еске сала кетейік, биыл 16 наурызда Мұратхан Тоқмәди Тәтішевті өлтіргені үшін 10 жыл 6 айға сотталған болатын.

Қазақстанның ҰҚК өкілдерінің мәліметінше, Мұхтар Әблязовтің тапсырысымен "Банк Тұран Әлем" АҚ басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіруге күдікті Мұратхан Тоқмәди 2018 жылдың 8 наурызында сағат 19:20-да Жамбыл облыстық ауруханасынан қашуға тырысқан. Алайда ол жедел түрде Тараздан ұсталып, Жамбыл облыстық ІІД-нің тергеу абақтысына қамалған еді.

Әблязов Тәтішевтің өлімі үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer