04 ақпан 2021 10:39

Tengri Bank экс-менеджерлеріне халықаралық іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengri Bank экс-менеджерлеріне халықаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. Олар "Tengri Bank" АҚ бұрынғы басшылығының ісі бойынша іздестіріліп жатыр. 


Tengri Bank экс-менеджерлеріне халықаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. Олар "Tengri Bank" АҚ бұрынғы басшылығының ісі бойынша іздестіріліп жатыр. 

Жалғасы

Агенттік мәліметінше, халықаралық іздеуге "Tengri Bank" АҚ экс-қызметкерлері жарияланған, олар:

Tengri Bank АҚ Әкімшілік-шаруашылық департаментінің бұрынғы директоры Бақытов Алмас Бақытұлы, 1977 жылы туған. 

оның бақылауындағы компаниялардың бірінің басшысы Рахметова (Байжанова) Тоғжан Тілеужановна, 1991 жылы туған.

Оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Tengri Bank-тің іздеудегі экс-менеджерлері туралы ақпарат білетіндер 8 (7172) 708-478 немесе 8 777 111 93 77 телефондарына қоңырау шалуға болады.

Бұған дейін Қаржы министрлігі Tengri Bank басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов пен Алматы филиалы директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жадықов ұсталғанын хабарлаған болатын. Бақтияр Ілиясов Tengri Bank басқарма төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі лауазымында 2015-2017 жылдар аралығында, сондай-ақ 2017 жылғы желтоқсаннан бастап 2020 жылғы қаңтарға дейін жұмыс істеген.

9 қарашада Алматының тергеу соты Бақтияр Ілиясовқа, Әсет Жадықовқа және тағы бір сыбайласы Н. Жылқыбаеваға қатысты бұлтартпау шарасын - екі айға дейінгі мерзімге күзетпен ұстауды санкциялаған.

Tengri Bank экс-менеджерлері 5,4 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінген.

Еске салайық, Tengri Bank 2020 жылғы қыркүйекте лицензиясынан айырылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети