04 мамыр 2021 14:25

"Теңізге" жұмысқа орналастырамын деп 15 адамды алдаған маңғыстаулық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында 15 адам мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамын деп уәде берген алаяқтың құрбаны болды, - деп хабарлайды "Мой город".


Ақтөбе облысы Байғанин ауданында 15 адам мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамын деп уәде берген алаяқтың құрбаны болды, - деп хабарлайды "Мой город".

Полиция мәліметі бойынша, Маңғыстаудың 23 жастағы тұрғыны әлеуметтік желілерде Атырау облысындағы "Теңіз" мұнай компаниясына жұмысқа қабылдау туралы хабарлама берген. Өтініш берген үміткерлермен ол телефон арқылы сұхбат жүргізіп, әр үміткерден "көмегі" үшін 100 мың теңгеден алған. Ақшаны алғаннан кейін күдікті жұмыс мәселесі шешілетінін айтып, кейін байланысқа шығуын тоқтатқан.

Жалпы күдіктінің қармағына 15 тұрғын іліккен. Адамдар алданғанын түсінген кезде полицияға арыз жазған.

Ведомство өкілдері тергеу барысында күдікті бірнеше өңір тұрғындарын алдағаны анықталғанын айтты. Ол ақшаны букмекерлік кеңсе ойындарына тіккен.

"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети