21 наурыз 2015 22:18

Тілшілерге шабуыл жасалғаннан кейін Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры әкімдікке шақырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Литер" газетінің фотографы Павел Михеев. ©Николай Колесников "Литер" газетінің фотографы Павел Михеев. ©Николай Колесников

Жоғарғы оқу орнының территориясында тілшілерге шабуыл жасалғаннан кейін Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры әкімдікке шақырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде ішкі саясат басқармасының басшысы Санжар Боқаев оқиғаға кінәлі адамдардың көпшілік алдында кешірім сұрауын талап етті.


Жоғарғы оқу орнының территориясында тілшілерге шабуыл жасалғаннан кейін Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры әкімдікке шақырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде ішкі саясат басқармасының басшысы Санжар Боқаев оқиғаға кінәлі адамдардың көпшілік алдында кешірім сұрауын талап етті.

Ал өз кезегінде Жүргенов атындағы өнер академиясында тілшілерге шабуылдаған студенттердің және "Театр өнері" факультетінің деканы Аман Көлбаевтің "Литер" газетінің редакциясына барып, фотограф Павел Михеевтен кешірім сұрайтыны туралы шешім қабылданды. Айта кетейік, Михеев оқиға кезінде зардап шеккен болатын. Әкімдіктегі кездесуде 20 наурызда тілшілерге жасалған шабуылдан кейін тәртіп сақшыларының студенттерден түсініктеме алғаны белгілі болды. Бұл жайында академия заңгері мәлімдеді. Ал Көлбаев болса оқиға күні, яғни 20-сы күні қаладан кетіп қалған.

Еске салайық, БАҚ қызметкерлері 20 наурызда жоғарғы оқу орнында шыққан өрт туралы хабар беруге келген болатын. Тілшілер білім беру мекемесінің басшылығынан пікір алуға бірнеше рет талпынып көрген еді. Бірақ білім беру мекемесінің қызметкерлері жауап беруден бас тартты. Мұның орнына декан мен бірнеше жас жігіт тілшілерден академия аумағынан кетуін талап етті. Айта кетейік, өртенген ғимараттың аумағы қоршауға алынбаған еді және оқиға орнындағы азаматтардың барлығы да ғимаратқа жақындауға мүмкіндігі болды. Жас жігіттер тілшілерді итере бастады. Бұдан кейін Tengrinews.kz тілшісі заңға қайшы әрекеттерді тіркегісі келді, оған да шабуыл жасалды. Бірнеше жігіт тілшіні жерге жықты. Мұнымен қатар, олар тілші қыздарды да итеріп тастады. 

Тілшілерге жасалған шабуылды көріп тұрған тәртіп сақшылары әрекетсіздік танытты. "Бұлай етуге болмайды. Олар полицейлерді соққының астына алып жатқан жоқ қой. Депутаттарға тиісіп жатқан жоқ. Біз жұмыс істеп жатырмыз. Біз онда жұмысымызды істеу үшін бардық. Неге бәрін негативті түрде қабылдайды? Тәртіп сақшылары шешсін. Ірі оқиғалар кезінде полицейлер әрқашан оқиға орнын қоршауға алады. Адамдарды итермей, тыныш қана шығарады", - деді Михеев. Ол жас жігіттер мен тәртіп сақшыларына көңілі толмайтынын айтып, арыз жазды. Сонымен қатар, Tengrinews.kz тілшісі де жоғары оқу орнының басшылығы мен жас жігіттерді 158-бап (Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау) бойынша жауапқа тарту үшін арызданды.

Еске сала кетейік, 20 наурызда күннің екінші жартысында Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғимаратынан өрт шыққан болатын. Кинорежиссура факультеті орналасқан ғимараттың төртінші қабаты өртенген. Студенттердің сөзіне қарағанда, бүгін сабақ болмаған, бірақ Наурыз мейрамы аталып өткендіктен, олар ғимараттың ішінде болған. Айта кетейік, өрт шыққан жерге жету үшін өрт сөндіру көлігіне жарнама билборды кедергі келтірді. Техниканы өткізіп жіберу үшін академия қызметкерлеріне конструкцияны құлатуға тура келді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Ал бұдан кейін Жүргенов атындағы өнер академиясында шыққан өрттің ауыздықталғаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети