20 наурыз 2015 14:46

Алматыда Жүргенов атындағы өнер академиясының ғимаратынан өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. ©Жасұлан Пошанов Оқиға орны. ©Жасұлан Пошанов

Алматыда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғимаратынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап.


Алматыда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғимаратынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап.

Студенттер мен оқытушылар эвакуацияланды. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің жасақтары келді. СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының мәліметінше, тілсіз жау мың шаршы метрден артық аумақты шарпыған. Кинорежиссура факультеті орналасқан ғимараттың төртінші қабаты өртенген. Студенттердің сөзіне қарағанда, бүгін сабақ болмаған, бірақ Наурыз мейрамы аталып өткендіктен, олар ғимараттың ішінде болыпты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр өткізгіштердің қысқа тұйықталуынан шыққан.

Төтенше жағдайлар департаменті өртті ауыздықтауға 10 негізгі, 12 арнайы техника мен 70 өртсөндірушінің жұмылдырылғанын хабарлады. Өрт шыққан орынға жету үшін өрт сөндіру көлігіне жарнама билборды кедергі келтірді. Техниканы өткізіп жіберу үшін академия қызметкерлеріне конструкцияны құлатуға тура келді.

Сонымен қатар, оқу орнының қызметкерлері оқиға жайлы мәлімет таратуға қарсылық білдіріп, журналистерге күш қолданды. БАҚ өкілдерін оқу орнының аумағынан шығарып жіберді. Олардың бірі - "Литер" газетінің фотографы Павел Михеев, ол студент шабуыл жасады деп полицияға арызданды. Студент ер адамның бетінен бірнеше рет ұрған. Оның айтуынша, зардап шеккендердің тағы біреуі академия студенттерінің үстінен полицияға шағым түсіріп жатыр. Жанжал кезінде Tengrinews.kz тілшісі де жарақат алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети