Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Жүргенов атындағы өнер академиясында болған өрт ауыздықталды

20 Наурыз 2015, 17:20
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz
©Николай Колесников
©Николай Колесников

Алматыдағы Жүргенов атындағы өнер академиясында шыққан өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Өртті ауыздықтауға Алматының төтенше жағдайлар департаментінің 22 арнайы техникасы мен 70 маманы жұмылдырылды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

ТЖД баспасөз қызметінің маманы Нұрбек Қожахметтің айтуынша, бұл оқиғаға дейін өнер академиясының проректоры 26 қаңтарда өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салыныпты. Осыдан кейін жоғары оқу орнын тексеру сәуір айына белгіленген.

Еске сала кетейік, 20 наурызда күннің екінші жартысында Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғимаратынан өрт шыққан болатын. Кинорежиссура факультеті орналасқан ғимараттың төртінші қабаты өртенген. Студенттердің сөзіне қарағанда, бүгін сабақ болмаған, бірақ Наурыз мейрамы аталып өткендіктен, олар ғимараттың ішінде болған. Айта кетейік, өрт шыққан жерге жету үшін өрт сөндіру көлігіне жарнама билборды кедергі келтірді. Техниканы өткізіп жіберу үшін академия қызметкерлеріне конструкцияны құлатуға тура келді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай