02 қаңтар 2022 15:24

Томирис Байсафаға қатысты іс қашан қайта қаралатыны белгілі болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеудің Никулин соты 19 қаңтарда ММХҚИ студенті Томирис Байсафаны өлтірді деп айыпталған Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Мұхтар Меджидов Муртузалидің ісін қайта қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.


Мәскеудің Никулин соты 19 қаңтарда ММХҚИ студенті Томирис Байсафаны өлтірді деп айыпталған Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Мұхтар Меджидов Муртузалидің ісін қайта қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

Бұрын алқабилер оны ақтаған еді, алайда Мәскеу қалалық соты істі кері қарауға жіберді.

"Сот отырысы 19 қаңтарға белгіленді", - делінген хабарламада.

Ақталғанға дейін Муртузали Меджидов қамауда болды, ол сот шешімі шыққан күні босатылды.

Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда ЖОО-ның төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен еді. 3 мамырда Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды.

Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ұсталған еді.

"Тозақтан шыққандай боламын" - Томирис Байсафаның анасы сот отырыстары туралы

Бұған дейін Мәскеу соты Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидовты ММХҚИ студенті қазақстандық Томирис Байсафаны өлтірді деп тағылған айыптан ақтап алғаны хабарланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети