11 қыркүйек 2020 09:51

Төрт баласын өлтірген әйел полицияға келіп, кінәсін мойындады

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © elements.envato.com Фото: © elements.envato.com

Тәжікстанда 30 жастағы әйел 4 баласын тұншықтырып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Радио Озоди" сайтына сілтеме жасап.


Тәжікстанда 30 жастағы әйел 4 баласын тұншықтырып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Радио Озоди" сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 9 қыркүйекте түсте Хатлон облысында болған. Ішкі істер министрлігі оқиғаның болғанын растап, бүгінде әйелдің қамауға алынғанын жеткізді.

Дереккөздің мәліметінше, әйелдің аты-жөні - Назокатхон Тоирова. 2 күн бұрын ол балаларымен бірге ағасының үйіне барған. Назокатхонның күйеуі құрылыста жұмыс жасаған. Қайғылы оқиға болған күні ол үйінде болмапты. Әйел 10, 8, 4 жастағы балалары мен 1 жасар сәбиін тұншықтырып өлтіріп, полицияға барған. Онда ол өз кінәсін мойындапты.

Әйелдің мұндай жантүршігерлік қылмыс жасауға не итермелегені әлі белгісіз. Құқық қорғау органдары бұл істі прокуратура тергейтінін атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети