1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

"Төрт жыл бойы 100-ден аса қызметкерінен пара алып келген". Павлодарда ҚТЖ бөлімше басшысы ұсталды 02 наурыз 2021, 10:52

Павлодарда "ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімше басшысы ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бөлімше басшысы жұмыстағы қамқорлығы үшін жүйелі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото ©Тұрар Казанғапов Фото ©Тұрар Казанғапов

Павлодарда "ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімше басшысы ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бөлімше басшысы жұмыстағы қамқорлығы үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алып отырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімше басшысын Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ұстады.

"Сондай-ақ, ол орынбасарымен бірге төрт жыл бойы 100-ден аса қызметкерінен сегіз мыңнан 10 мың теңгеге дейін заңсыз ақша алып отырғаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат 201-бапқа сәйкес жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкері жүк көліктері жүргізушілерінің пара бергенін видеоға түсіріп алған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!