22 маусым 2023 09:23

Түркиядан Қазақстанға есірткі айналымына күдікті экстрадицияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Түркиядан Қазақстанға есірткі құралдарының заңсыз айналымына күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның телеграм-арнасына сілтеме жасап.


Түркиядан Қазақстанға есірткі құралдарының заңсыз айналымына күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның телеграм-арнасына сілтеме жасап.

"Түркия Республикасының Әділет министрлігі есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған әйелді беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

Істі тергеу барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін елге экстрадициялады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған. Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркілене отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети