04 маусым 2019 12:36

Түркістан облысында бөтеннің мүлкін тонаған күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Newsler.ru © Newsler.ru

Түркістан облысы полицейлері мал ұрлығы мен ұялы телефон ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Түркістан облысы полицейлері мал ұрлығы мен ұялы телефон ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Түркістан облысы Келес аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық шара аясында бөтеннің мүлкін жымқырған жергілікті тұрғын, яғни күдікті құрықталды. 2019 жылы наурыз айында Келес ауданының мал базарының жанында қараусыз жайылып жүрген, құны 250 000 теңге болатын сиырды ұрлайды. Одан кейін, ұрланған малды келесі мал базарға апарып жарты бағасына сатып жібереді.  Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша тіркелді", - делінген хабарламада. 

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аудандық полицейлер күдіктінің басқада ұрлықтарға қатысы барын анықтады. Күдікті ауданда орналасқан ойынханалардың бірінде, қараусыз жатқан сөмкені көріп, ешкім байқап тұрмағанына сенімді болып, арам ойын жүзеге асырып, сөмке ішіндегі ұялы телефонды жымқырады. Ұрланған телефонды да сатып, ақшасын өз қажетіне жаратады. Жәбірленушіге жалпы келтірілген шығын көлемі 200 000 теңге.

Полицейлер  айғақты зат ретінде ұрланған мүліктер алып, заңды иелеріне қайтарған.

"Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өз мүліктеріне сақтықпен қарауға кеңес береді. Үй жануарларын қараусыз қалдырмау керек, ең дұрысы жайылымға жібергенде бақташы жалдап, ен-таңбаларын уақытылы салдырып отыру қажет. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар. Ақша мен ұялы телефондарыңызды киімнің ішкі қалталарына салып, сөмкеңізді өз жаныңызға алып, үнемі аузының жабық болуын қадағалаңыздар. Сонда да, осындай ұрлықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз уақыт өткізбей "102" телефон нөміріне хабарласыңыз, бұл қылмыстың "ізін суытпай" ашуға көмек береді", - деп түйіндеді полицейлер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети