14 желтоқсан 2020 11:46

Түркістан облысында ер адам полицияға шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кентауда ер адам учаскелік полиция инспекторына шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кентауда ер адам учаскелік полиция инспекторына шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам полицияға шабуыл жасаған кезде мас болған. Тәртіп сақшылары бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ер адамға шағым Кентаудағы кафелердің бірінен түскен. Куәгерлердің айтуынша, ол өзін дөрекі ұстаған. Оқиға орнына полиция лейтенанты Ақұлан Алдамжаров барған. Мас ер адам тәртіп сақшысының талабына бағынбай, оның ар-намысына тиетін сөздер айтып, бетінен ұрған.

"Күдікті ұсталып, қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің ("Билік өкіліне қарсы күш қолдану") бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сараптама қорытындысына сәйкес полицейдің жеңіл жарақат алғаны анықталды.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Ол қамауға алынды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети