29 желтоқсан 2020 11:29

Түркістан облысында қаруланған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазығұрт ауданында көшеде қарумен жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап..


Қазығұрт ауданында көшеде қарумен жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап..

Аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне кешкі сағат 21:40-да белгісіз ер адамның көшеде қарумен жүргені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына бірден криминалды полиция мен жедел-тергеу тобының қызметкерлері барды. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ұсталды.

"Lada көлігін тінту барысында жедел уәкілдер жолаушыға тиесілі аңшы қаруы мен оқтарды тәркіледі. Полиция қызметкерлері күдікті бұрын сотталған жергілікті тұрғын екенін анықтады. Ол ұсталды. ", - делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы ("Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша тіркелді. Іс сотқа жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети