05 тамыз 2022 08:45

Түркістан облысында полиция бөліміндегі азаптау дерегі: прокуратура пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Түркістан облыстық прокуратурасының өкілі тұрғынды азаптауға қатысты жағдай туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды OTYRAR.


Түркістан облыстық прокуратурасының өкілі тұрғынды азаптауға қатысты жағдай туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды OTYRAR.

Прокуратураның Сотта мемлекет мүддесін қорғау және сот актілерін қадағалау департаментінің басшысы Қаныбек Тоқсанбаев азаптау дерегі бойынша айыпталған полицейлер қазір бостандықта екенін айтты. Оларға қатысты бас бостандығын шектемейтін шаралар қабылданған.

Прокуратура өкілінің сөзінше, сотта полицейлер кінәларының дәлелденбеуіне байланысты ақталған. Алайда бұдан кейін прокурорлар істі қайта қарауға қолжеткізген.

"Бас прокуратура бізді қолдап, елдің Жоғарғы сотына негізсіз ақтап алу үкіміне қатысты шағым түсірді. Бұдан кейін Жоғарғы сот үкімді жоққа шығарып, қайта қарауға жіберді", - деді Түркістан облысы прокуратурасының өкілі.

Еске салайық, әлеуметтік желіде полиция басқармасында азапталған ер адамның дауысы жазылған видео жарияланған еді. Ер адамның сөзінше, полицейлер басына қап кигізіп, ұрып-соққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети