27 қараша 2024 | 10:16

Түркістан облысында психикалық денсаулық орталығының емделушілері зорлық көргенін мәлімдеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрация:depositphotos.com Иллюстрация:depositphotos.com

Түркістан облысында психикалық ауытқуы бар науқастар мекеме ішінде зорланған. Мұны зорлық көрген екі бойжеткеннің анасы мәлімдеді. Кәмелет жасына толмаған олардың бірі тіпті ауруханадан жүкті болып шыққан көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында психикалық ауытқуы бар науқастар мекеме ішінде зорланған. Мұны зорлық көрген екі бойжеткеннің анасы мәлімдеді. Кәмелет жасына толмаған олардың бірі тіпті ауруханадан жүкті болып шыққан көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

"УДЗ-ге апардым. Сол кезде 10 апта 4 күн деп берді. Бір емес, екі рет түсірдік. Сол кезде 2,5 айлық екенін білдік. Қызым айтты тергеуде. Темір кереуетке, теледидар бөлмесінде, камерасы жоқ жерде аяқ-қолын темір кереуетке байлап, тартып, ұйықтататын аминазин деген уколды салып тұрып, екі санитар істеген екен. Камерасы жоқ жерде, баспалдақта істеген екен. Тағы шатырға шығарып істеген екен. Төбені жинайды деп шығарады екен", - дейді зәбір көрген 17 жастағы қыздың анасы.

"Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығында жатып, қорландым" деген тағы бір қыз бар болып шықты. 21 жастағы науқас болған жайтты бірден жақындарына айтқан. Жәбірленушіден анализ де алыныпты. Алайда арызды бірден қабылдамаған құзырлы орган өкілдері үш айдан бері қол қусырып отыр дейді қыздың анасы.

"Осы екі санитардың үстінен арызданғанбыз. Қылмыстық іс қозғалып, ешқандай әрекет істеп жатқан жоқ. Бармаған жерім қалмады. Жазуындай жазып жатырмын. Камераны да бізге көрсетпеді ғой. Одан кейін амал жоқ, адвокат жалдадым. Адвокатпен барып, камераны алдық, бірақ оны көруге маған мүмкіндік бермеді. Мүмкін арасында өздері тазалап өшіріп тастаған шығар. Не тергеуші көрсетпейді", - дейді жәбірленушінің анасы.

Түркістан облысының психикалық денсаулық орталығы аталған жайтқа қатысты пікір білдіруден бас тартқан. Ал арызды бірнеше айдан кейін қабылдады деген полицейлер әлі күнге дейін сараптама жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар өткізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады", - дейді әл-Фараби ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Батыр Мырзагелдиев.

Қазір екі науқас та үйінде. Кәмелет жасына толмай жүкті болып шыққан біреуі жасанды түсік жасатқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Жетісу облысына барды
Мұнай бағасы өсіп жатыр
Тоқаев Ақтөбе облысына барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 522.8  course up  545.93  course up  5.05  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer