24 қаңтар 2023 14:54

Түркістан облысында шенеуніктер сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: ©Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: ©Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысы Адами әлеуетті даму басқармасының бес лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы облыстық сот мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысы Адами әлеуетті даму басқармасының бес лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы облыстық сот мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының Адами әлеуетті даму басқармасының басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ басқарма басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен олардың үйлері, кеңселері мен көліктеріне тінту жүргізілген. Түркістан облысының соты тергеу құпиясына сілтеме жасап, істің мән-жайын нақтыламады. Қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр.

"Тінту М., Н., Б.-ның. пәтерлеріне жүргізілді, пәтерлер Түркістанда орналасқан. Сондай-ақ, тінту Түркістан облысының әкімдігінде орналасқан қызметтік кеңселерде жүргізілді. Сонымен қатар, тексеру Н.-ның Nissan Almera маркалы қызметтік көлігінде, Б.-ның Toyota Camry маркалы қызметтік көлігінде жүргізілді", - деді Түркістан облысы сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында аудан әкімінің орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети