30 мамыр 2018 16:17

Түркістанда алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Түркістан © Түркістан

Түркістандық полицейлер жергілікті тұрғындарды үлкен көлемдегі шығынға ұшыратқан алаяқтарды ұстады, - деп хабарлайды Тngrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы


Түркістандық полицейлер жергілікті тұрғындарды үлкен көлемдегі шығынға ұшыратқан алаяқтарды ұстады, - деп хабарлайды Тngrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

"2018 жылдың ақпан айында Түркістан ҚІІБ-не жергілікті 65 жастағы тұрғын арызданып, онда 21.10.2017ж. қаладағы киім дүкеніне екі азаматша келіп, өздерін балабақша қызметкеріміз деп таныстырып оның сеніміне кіріп, Туркиядан әкелінген әртүрлі әйелдер киімдерін сатып береміз деп алдап әкетіп, содан хабарсыз кеткенін мәлімдеген. Жәбірленушіге жалпы құны 3 110 000 теңгеден аса ірі мөлшерде мүліктік залал келген. Бұл дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің алаяқтық бабымен тіркелді", - делінген хабарламада.

Осы дерекке қатысты Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 45-46 жастағы ОҚО-ның екі тұрғынын анықтап, ұстады.  

Жүргізілген тергеп-тексеру жұмыстары барысында қолға түскен екі азаматшаның Түркістан қаласында орын алған алаяқтықтың 9 дерегіне қатыстылығы анықталған.

"Полицейлер анықтағандай, алаяқтар жеке кәсіппен айналысатындар мен мал сойып етін сататындарды алдын ала анықтап, олармен жақыннан танысып-білісіп, сенімдеріне кіріп алған. Содан соң олардан үлкен көлемдегі әртүрлі киім-кешектер мен төсек жабдықтарын, содай-ақ қара мал және жылқы еттерін ақшасын айлықтан жинап береміз деп алдап әкетіп отырған. Ал қолға түскен мүліктерді сатып, түскен қаражатты өз қажеттеріне жұмсаған. Жәбірленушілерге жалпы 8 миллион теңгеден аса шығын келген", - делінген хабарламада. Іс материалдары сотқа жіберілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети