02 қыркүйек 2015 08:46

Түркістанда екі ер адамның белгісіз біреуді соққыға жыққаны видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube © Youtube

Түркістанда екі ер адам белгісіз біреуді темір құбырдың сынығымен аяусыз ұрды. Оқиға күндізгі уақытта, көшедегі адамдардың көз алдында болды. Куәгерлердің бірі оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге және YouTube порталына жүктеді.


Түркістанда екі ер адам белгісіз біреуді темір құбырдың сынығымен аяусыз ұрды. Оқиға күндізгі уақытта, көшедегі адамдардың көз алдында болды. Куәгерлердің бірі оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге және YouTube порталына жүктеді.

Кадрдан белгісіз біреудің екі ер адамды тоқтатпақ болғанын естуге болады. Дегенмен бұзақылар жерде жатқан адамның басынан ұруды тоқтатпады. Бейнежазба соңында видеоға түсірушілердің бірінің "Өлтірді" деп айғайлады.

Ескерту, роликте зорлық-зомбылық әрекеттер бар!

Жәбірленушінің жағдайы, қылмысқа барушылардың мақсаты, сонымен қатар видеоның қай кезде түсірілгені белгісіз. Пікір жазушылардың бірі жәбірленушінің жағдайы жақсы екенін жазды. "Оның бұғанасына аздап сызат түскен", - деді ол.

Motor.kz мәліметінше, жәбірленуші алкоголь ішімдігін жиі ішіп, құмар ойындарға әуес болған. Кезекті рет осы мақсатта ақша сұраған жәбірленушіге анасы бермейтінін айтады. Бұған ашуланған ол өз анасына бірнеше жерден пышақ салған. Әйел адам бірнеше апта бойы жан сақтау бөлімінде жатыр. Видеодағы екі ер адам әйелдің бауырлары болып шықты. Бұзақылар ұсталды.

Құқық қорғау органдары оқиға туралы пікір білдірген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети