01 сәуір 2021 11:08

Түркістанда қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстративное фото: zi.ua Иллюстративное фото: zi.ua

Түркістан облысының полицейлері үш облыстың аумағында қымбат шетелдік көліктерді ұрлаумен айналысқан аймақаралық қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Түркістан облысының полицейлері үш облыстың аумағында қымбат шетелдік көліктерді ұрлаумен айналысқан аймақаралық қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын белгісіз біреулер Toyota Camry маркалы автокөлігін ұрлап кеткені туралы арызданған. Аталған факт ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі "Аса ірі көлемдегі ұрлық" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қылмысты ашу мақсатында Түркістан облысы ПД-да Криминалдық полиция басқармасы мен Түркістан ҚПБ жедел-тергеу тобын құрды. 

"Арнайы жүргізілген операция нәтижесінде біздің жедел уәкілдер 4 күдіктіні ұстады. Олардың төртеуі Ақтөбе облысының тұрғындары, оның ішінде екеуі деструктивті діни ағымның мүшелері болып шықты. Ұсталғандардың үшеуі бұрын қарақшылық және қару сақтағаны үшін сотталған. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелерінің алдын-ала жоспарланған сызба бойынша әрекет еткені анықталды", - деді Түркістан облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Құрманбек Сахов.

Күдіктілер құны 10 миллион теңгеден асатын автокөліктерді арнайы сканерлеу құрылғысының көмегімен ашқан. Олар автокөлік иелерін бақылап, есіктерін ашқан кезде электрон құлыптарды сканерлеген. Кейін оларды тұрақтан немесе көшелерден ұрлап, айдап әкеткен.

"Тергеу бүгінде күдіктілердің автокөлік ұрлығының жалпы 5 дерегіне қатыстылығын анықтады. Олар 5 қылмыстың екеуін Ақтөбе, екеуін Түркістан және біреуін Қызылорда облыстарында жасаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады", - деді полиция подполковнигі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети