12 қазан 2015 | 21:57

Түркістанда отбасын қырып салған делінген ер адамның туыстары оқиғаның мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Исраиловтар отбасы. © Tengrinews.kz Исраиловтар отбасы. © Tengrinews.kz

Түркістанда отбасын қырып салған делінген ер адамның туыстары оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Түркістанда отбасын қырып салған делінген ер адамның туыстары оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін, 12 қазанда Түркістанда 1984 жылғы әйел, оның бес жасар қызы және күйеуінің екі бауыры жерленді. Полицейлердің болжамы бойынша, оларды 30 жастағы отағасы травмат қаруымен атып тастаған. "Ауыр қылмысты жасағаннан кейін ол травмат қаруымен өзін-өзі өлтіргісі келді. Қылмыстың тұрмыстық жанжалдан, қызғаныштан болғаны анықталды", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Алайда, күдіктінің және қаза болған әйелдің туыстарының айтуынша, бұл болжам дұрыс емес. Айтуларынша, Мұхамеджан Исраиловтың өзіне жақын адамдарды өлтіруі мүмкін емес. "Күйеуім екеуміз бірінші болып келдік. Болған оқиғаны көргенде есімнен танып қалдым. Бірақ мен бұл істі күйеу балам өлтірді деп ойламаймын. Ол өте қамқор жан еді", - дейді қаза болған әйелдің шешесі.

Наргиза мен Мұхамеджанның отау құрғанына жеті жыл болыпты. Ол ескі көліктерді алып-сатумен айналысыпты. Олар ұлдары Дәулет пен қыздары Даяраны тәрбиелеген. Жанұяның туыстары бұл отбасыда ұрыс-керіс болмағанын, ал Наргизаның қызғандыратындай қылық жасамағанын айтады. Ал полицейлердің ер адамнан алған мойындау көрсетпелері бар жауабы, олардың ойынша, күдік туғызып отыр. "Полицейлер келгенде бәріміздің шығып кетуімізді талап етті, себебі олар саусақ іздерін алатын болды. Кейін олар жауап ала бастады, жарақаттанған Мұхамеджан сонда отырды. Олар не сұраса да Мұхамеджан "иә" деп жауап беріп жатты. "Сен өлтірдің бе?" деп сұрайды, ол "Иә" дейді. Ол сол сәтте өзінің не айтып тұрғанын да білмейтін. Сосын мен полицейлерден ол есінен танып отырғанда жауап алудың не қажеті бар екенін сұрадым", - дейді күдіктінің туысы Диаларам Исраилова. 

Ал, достарының айтуынша, Мұхамеджанды біреулер қорқытқан. Ер адам біреулерден ақша алып, қайтара алмаған делінеді. Қарыздың сомасы 10 миллион теңгеден кем болмады және бұл қаражатты бәрі жинаса да жеткізе алмайды екен. "Ал кісі өлтіруден кейін үйдің терезесінен біз "Қош бол, досым" деген жазуды және доллардың белгісін көрдік. Мұны кім жазғанын және қашан жазғанын біз білмейміз. Сол күні, көршілері оның үйіне бір көліктің келгенін және екі адамды көргенін айтқан", - деді күдіктінің туысы Зайниддин Исраилов.  

Туыстары полицияның өзге нұсқаларды қарастырмай отырғанына наразы. Олар жан-жақты тергеудің жүруін талап еткелі отыр. 

Еске салайық, Түркістанда бұл қайғылы оқиға 10 қазанда болған еді. Үйде қаза болған төрт адамның денесі мен ауыр жарақатымен үш адам табылған. Соңғылары Түркістанның қалалық ауруханасына жеткізілді. Ал күдіктінің өзі, оның анасы және алты жасар баласы қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети