20 қаңтар 2014 16:20

Түрмеге есірткіні Big Bon қабына жасырып кіргізбек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото  kp.ru сайтынан Фото kp.ru сайтынан

ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметкерлері түрмеге есірткіні Big Bon кеспесінің қабына салып кіргізбек болған әйелдің әрекетін әшкереледі деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Есірткіні жасырын өткізуге әрекеттену дерегі өткен демалыс күндері белгілі болды. Күмәнді зат тексеру кезінде бірден анықталды. Астана қаласының тұрғыны гашишті Big Bon-ның үш қабына бөліп салған. Есірткінің жалпы салмағы - 100 грамм. ҚАЖК-ның мәліметінше, бұл дерекке қатысты материалдар іс жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Комитеттің баспасөз қызметінің нақтылауынша, Big Bon қаптарын пайдалану түрмеге есірткі енгізудің жалғыз амалы емес. Бұған дейін Ақмола облысында бір адам есірткі заты сіңдірілген бөлме аяқкиімдерін өткізбек болған. Оның түрмедегі сыбайластары есірткіні қайнатып шығарып алып, инемен тамырларына енгізуді жоспарлаған. Ал Қостанайда бір әйел сотталған ұлына есірткіні пияздың ішіне тығып әкеліпті. 2013 жылы жаза өтеу орындарына жасырын жолмен әкелінген барлығы 37 келі есірткі тәркіленді. Мамандардың мәліметінше, азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарының кең жүргізілгеніне қарамастан, есірткіні тығып әкелудің небір айлалары тыйылмай тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети