1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

ҰҚК: Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан бірнеше адам ұсталды 14 қаңтар 2022, 21:05

ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаменті 5 мен 6 қаңтар аралығында Үшбұлақ ауылының маңынан қоғамға қарсы акцияларға қатысы бар деген күдікпен
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: ҰҚК Фото: ҰҚК

ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаменті 5 мен 6 қаңтар аралығында Үшбұлақ ауылының маңынан қоғамға қарсы акцияларға қатысы бар деген күдікпен деструктивті діни бағытты ұстануы мүмкін ҚР екі ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, олардан діни әдебиеттер табылып, бүгінде ұсталғандардың экстремистік діни ұйымдарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Үлкен Алматы көлінің маңында жеке бастарын куәландыратын құжаттары жоқ "Тойота" маркалы автокөлігін мінген 5 ер адам ұсталды. Автокөлікті тексеру барысында: 7 оғы бар 12 калибрлі винчестер, 1 оғы бар травматикалық тапанша, қан жұққан пышақ және 600 000 теңге ақша табылды. Олардың Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге және қару-жарақ дүкенін тонауға қатыстары бары анықталды.

Сондай-ақ, Кіші Дехан елді мекенінде Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктерге қатысқан 19 адам анықталды. Жедел топ ұсталғандармен сұрау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

7 қаңтарда ҚР ҚК бөлімшелерімен бірлесіп, Алматы және Талдықорған қалаларындағы қоғамға қарсы акцияларға қатысы болуы мүмкін 184, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы ҚР заңнамасын  бұзушы 41 адам ұсталды. 13 бірлік атыс қаруы, 185 бірлік оқ-дәрі, 8 ұялы телефон, 900 мың теңгеге жуық ақша қаражаты және 100 мың АҚШ доллары тәркіленді. Ұрланған 1 автокөлік ұсталды.

13 қаңтарда тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ҚР 26 азаматы, сондай-ақ қаруды заңсыз сақтағаны үшін ҚР 5 азаматы анықталып, ұсталды. 6 бірлік атыс қаруы тәркіленді.

Шекара қызметінің бөлімшелері тұрақты жауынгерлік әзірлікте және шекара күзеті күшейтілген режимде жүзеге асырып жатыр.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram