ҰҚК есірткімен айналысқан екі топты ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК есірткімен айналысқан екі топты ұстады

Жамбыл облысында есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысында есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл қазанда ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобы әрекетінің жолын кесті.

"Сонымен, Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында 14 келіден аса гашиш пен 42 келі марихуананы сатуға әрекеттенген екі Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети